Өскеменде заңсыз алкоголь өнімдерін өндіретін цехтың жұмысы тоқтатылды
Соттың үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, сотталды
Шығыс Қазақстан облысында жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында алкоголь өнімдерін қолдан жасаумен айналысқан цехтың жолын кесілді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚМА ШҚО бойынша департаментінің мәліметінше, Өскемен қаласының тұрғыны алкоголь өнімдерін заңсыз түрде антисанитарлық жағдайда өндірген.
Оқиға орнын қарау барысында 18 мыңға жуық бөтелке түрлі маркадағы арақ және коньяк өнімдері, 3500 астам түрлі жапсырмалары бар бос бөтелкелер, 700 литр құрамында спирті бар сұйықтық, сондай-ақ алкоголь өнімдерін құюға және жасауға арналған этикеткалар, қақпақтар және басқа да заттар тәркіленді, – делінген хабарламада.
Соттың үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, сотталды. Сот шешімімен заттай дәлелдемелер жойылатын болады.