Тоқаев ШЫҰ басшылары кеңесінің отырысына қатысады
Мемлекет басышысы онда басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр. Сонымен бірге Өзбекстанда президент басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысқан болатын.