×

Тоқаев армян-әзербайжан қақтығысына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Арменияның ұсынысымен өткен отырыс бейнебайланыс режимінде өтті

 Халық үні 14.09.2022 | 01:09
фото: vedomosti.ru

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты.

Саммитке Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович, ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков қатысты.

Мемлекеттер басшылары әзербайжан-армян мемлекеттік шекарасында болған оқиғаларға қатысты Армения премьер-министрінің мәліметін тыңдады.

Қазақстан президенті сессияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде қақтығысты тек саяси-дипломатиялық жолдармен шешу қажет екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды тұрақтандыру үшін мүмкін болған барлық шараны қабылдауға, күштік құрылымдарды пайдаланудан бас тартуға, шұғыл түрде келіссөз жүргізуге шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама