×

Президент ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді «Алтын Қыран» орденімен наградтады

ҚР Президенті тиісті Жарлыққа қол қойды

 Халық үні 14.09.2022 | 18:55
Фото:t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен наградтады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Президенті тиісті Жарлыққа қол қойды.
«ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты саяси және экономикалық қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин «Алтын Қыран» орденімен наградталсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» , - делінген ресми құжатта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама