×

Түркістан облысында Мәшһүр Жүсіп ауылы пайда болады

Оны құру үшін Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округінің аумағы көзделген

 Динара Амантай 14.09.2022 | 16:13
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті 17-сессиясында Мәшһүр Жүсіп атындағы ауылдың құрылатыны мәлім болды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Жиында Түркістан облысының Қазығұрт, Отырар және Сауран аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері қаралды. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, халықтың пікірі ескеріле отырып, Түркістан облысы Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округі аумағынан елді мекен құрып, оған Мәшһүр Жүсіп атауы берілетін болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бірқатар нақты тапсырма берді. Негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған. Жолдау жүктеген жауапкершілік зор. Алдымызда Жолдаудағы айқын бағыттарды іске асыру міндеті тұр. Түркістан облысы – еліміз бойынша халқы ең тығыз орналасқан әрі ынтымақ-бірлігі жарасқан өңір. Өңірде халықтың өмір сапасын жақсарту мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша алдымызда атқаратын ауқымды шаралар жеткілікті. Сондықтан алға қойған мақсаттар мен міндеттерді жүйелі түрде орындауымыз қажет, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Жалпы сессия жұмысында 21 мәселе қаралды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама