Астанада Рим папасының қатысуымен месса басталды
Ватикан басшысы іс-шараға папамобильмен келді
Елордада Рим папасы Францисктің қатысуымен месса өтіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Діни рәсім Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі аясында жоспарланған маңызды іс-шараның бірі болып саналады. Рәсім барысында діни әндер айтылып, дұғалар оқылады.
Католиктердің сенімі бойынша мессаның орындалу сәті — Құдайдан тілек тілеуге ең қолайлы уақыт.
Іс-шара ЭКСПО павильоны маңында өтуде. Қатысушыларды тіркеу 1-11 қыркүйек аралығында жүргізілген.
Еске салайық, Қазақстанда алғашқы мессаны Рим папасы ІІ Иоан Павел 2001 жылғы 22 қыркүйекте өткізген еді. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шет мемлекеттерден келген 35 мың католик қатысқан.
Осыған дейін Нұр-Сұлтанда діндер съезі бір минут үнсіздікпен басталғаны хабарланған еді.