«Канело» Лас-Вегасқа келді

Дастан Жұмабекұлы

Боксшы алтын жалатылған ұшаққа бара жатқан видеосын жариялады

фото: ашық дереккөз

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу үшін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласына келді. Ол ұшаққа бара жатқан видеосын әлеуметтік желіде жариялады.

Бүгін екеуі үшінші жекпе-жектің орнына барып, бетпе-бет кездеседі. Осы жерде символикалық шара өтеді. Кеште боксшылар жанкүйерлерімен кездесіп, бұқаралық ақпарат құрал өкілдеріне сұхбат береді.

Кездесу қыркүйектің 13-нен 14-не қараған түні болады. Ал жекпе-жектің өзі 17 қыркүйекте өтеді.