×

Сыртқы істер министрлігі Украина елшісі Петр Врублевскийге қатысты мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Украина елшісі Петр Врублевский қазір еңбек демалысында жүр

 Халық үні 12.09.2022 | 19:33
Фото: ria.ru

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан билігі Украина елшісі Петр Врублевскийді елден шығару туралы талап қойды ма деген сауалға жауап берді.

«Украина елшісі Петр Врублевский қазір еңбек демалысында жүр. Қазақстан билігі оны елден шығару туралы талап қойған жоқ. Оның алдағы уақытта қызметін жалғастыру мәселесіне қатысты кеңес жүргізілуі мүмкін», - деді Айбек Смадияров брифингте.

Еске салайық, бұған дейін Украина елшісі Петр Врублевский Қазақстаннан кетіп қалды деген ақпарат тараған болатын.

Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұқбатында «Орыстарды барынша қырып-жою керек. Қазір біз мейлінше олардың көзін жойсақ, ертең біздің ұрпағымыз қан төкпейтін болады» деген пікір айтқан. Кейін Петр Врублевский дөрекі сөздері үшін кешірім сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама