Шаһарда 3 жаңа метро станциясы салынады
Алматыда LRT-ның бірінші желісін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, 2027 жылы жеңіл рельсті көліктің бірінші желісі (LRT) Төле би көшесінде іске қосылады.
2025 жылға қарай «Қалқаман» метро станциясы пайдалануға беріледі. Батыс бағытта 3 метро станциясының құрылысы басталады, – деді Асқар Амрин.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыны дамытуға шамамен 6,1 трлн теңге бөлінетіні хабарланған еді.