Головкин «Канеломен» жұдырықтасу үшін Лас-Вегасқа келді

Дәурен Ерболат

Бұл жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 18 қыркүйек күні таңертең болады

Фото: Tengrinews.kz

WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин командасымен бірге Лас-Вегасқа (АҚШ) ұшып келді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-да жазды.

Вегастамыз. Осы аптада өтетін жекпе-жекке дайынбыз, - деді Геннадий Головкин.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы кездесу 17 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Бұл жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 18 қыркүйек күні таңертең болады.