×

ArtSport дауы: Алматы халқы митингке шықты

Құрғақ уәдеге әбден тойдық деп отыр

 Наима Нұрәлі 11.09.2022 | 10:07
фото: arasha.kz

Атышулы Artsport жобасына қатысты тағы да шу шықты. Бұған дейін қала әкімі Ерболат Досаев қаржы тапшылығына байланысты бағдарлама уақытша тоқтатылатынын айтқан. Сонымен қатар үйірмеге мүлде қатыспаған балалардың дерегі ақпараттық базаға тіркеліп, сол үшін қызмет көрсетушілер негізсіз қаржы алып отырғаны айтылған еді. Бүгінде қала әкімдігі қызмет көрсетушілерге 2,2 миллиард теңге қарыз.

Біз шілде, тамыз айларының шығындарын қыркүйек айында төлейміз. Одан бөлек, тағы да қаржы көздерін іздеп жатырмыз. Құзырлы органдар қазір тексеріс жүргізуде. Олар ата-аналарға хабарласады. Сөйтсек, онымыз кей ата-аналарға жақпайды екен. Кейбірі баласының қай үйірмеге баратынын да білмейді, – деді қалалық мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Artsport-қа балама болатын қалалық бағдарлама әзірленіп жатса да осы саладан нәпақасын тауып жүргендер оған сенбейді. Құрғақ уәдеге әбден тойдық деп отыр.

Ақы ешқандай төленбейді деп жатыр. Ғимаратты жалдау ақысы бар, ұстаздарға жалақы төлеуіміз керек, салық мәселесі қалай шешілетіні белгісіз. Бағдарлама жалғасын таппаса, қаншама отбасы табысынан айырылады, – дейді өнер мектебінің басшысы Жазира Тұрдиева.

Наразалыққа шыққандардың талабы бір – бағдарламаның жалғасуы. Балаларының уақыты бос өтпесін деген ата-ана мен жұмыссыз қалуымыз мүмкін деген бапкерлер де мәселе шешімін таппаса, митингке шығуымызды тоқтатпаймыз деп отыр.

 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама