×

III Карл ресми түрде монарх деп жарияланды

Тиісті рәсімге қатысушылардың барлығы қара немесе күлгін түсті киім киді

 Динара Амантай 10.09.2022 | 16:04
Фото: ашық дереккөз

Мұрагерлік кеңесі ІІІ Карлды Құрама Корольдіктің жаңа королі деп ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

Тиісті құжатқа ең алдымен тақ мұрагері ханзада Уильям, содан кейін кезек бойынша патшайым-консорт Камилла, Қауымдар палатасының көшбасшысы және Кеңестің лорд-төрағасы Пенни Мордаунт, Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс және Кентербери архиепископы қол қойды.

Рәсімін ұйымдастырушыдан басқа қатысушылардың барлығы қара немесе күлгін түсті киім киген. Бұл – қайтыс болған патшайымды жоқтау белгісі болып саналады.

Көрермендердің бірінші қатарында Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрлері – Джон Мейджор, Гордон Браун, Борис Джонсон, Дэвид Камерон, Тереза Мэй және Тони Блэр болды. Олармен бірге британдық оппозиция көшбасшысы, лейбористер партиясының басшысы Кир Стармер тұрды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлыбритания патшайымы II Елизавета Балморал сарайында 96 жасында қайтыс болғаны туралы хабарлаған едік.

Бұған қоса Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Королі ІІІ Карлға анасы II Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдағанын жаздық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама