×

Алапат өрт Алакөлге жетті

Жетісу облысындағы таулы аймақ өртеніп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 09.09.2022 | 15:54
фото: instagram.com

Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Достық станциясы маңында құрғақ шөп пен бұталар өртеніп жатыр.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт туралы хабарлама 8 қыркүйек күні сағат таңғы 4.30-да түскен. Хабар келісімен оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберілді.

Өрт сөндіру бригадасы келген кезде мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Кендір сақал» орман шаруашылығындағы шыққан өрттің жалпы ауданы 60 гектарға жетті. Қазір онда құрғақ шөп пен бұталар өртеніп жатыр.

Өртті сөндіруге Алакөл орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен ҰҚК шекара қызметінің әскери қызметкерлері тартылды. Талдықорған қаласынан Төтенше жағдайлар департаментінің қосымша жеке құрамы – 45 қызметкер мен 5 техника жіберілді.

Қазір өрттің жалпы аумағы 200 гектар. Өрт сөндіру жергілікті жердің таулы болуы  мен ауа райына байланысты қиын болып жатыр, –  делінген ведомствоның хабарламасында.

Өрт сөндіруге 173 адам, 1 тікұшақ, 16 техника, 70 аспалы бүріккіш және 6 жылқы жұмылдырылған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама