Головкин мен «Канелоның» жекпе-жегінде супер жүлде тігіледі

Дастан Жұмабекұлы

Ол «Zapoteca белбеуі» деп аталады

фото: allboxing.ru

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBC) Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегіне арнайы белбеу дайындады.

Боксшылар арасындағы үшінші айқас 17 қыркүйек күні Лас-Вегастағы «T-Mobile» аренада болады.

Жекпе-жеке Бүкіләлемдік бокс ұйымы «Zapoteca белбеуі» атты арнайы супер жүлде тігеді. Ол «Қабылан-жауынгер белбеуі» деп те аталады. Белбеу 17 қыркүйектег «Канело» Альварес пен Геннадий Головкин үшінші айқасында жеңіпазға беріледі, –  делінген talkSPORT.com порталында.

«Zapoteca белбеуі» атты арнайы супер жүлдесі «Ең мықты жауынгер» аталымында беріледі.