×

Путин әскерлеріне келесі аптада Донецк облысын алуға бұйрық берді

Ресей Украинаның шығыс өңірін 15 қыркүйекке дейін жаулап алуды жоспарлап отыр

 Дастан Жұмабекұлы 08.09.2022 | 17:11
фото: 24tv.ua

Ресей президенті Владимир Путин әскерлеріне 15-қыркүйекке дейін Донецк облысының әкімгершілік шекарасына дейінгі жерлерді басып алуға бұйрық берді.

Бұл Украина Қарулы күштері бас штабы бас жедел басқармасы бастығының орынбасары Алексей Громов брифингте айтты.

Оның айтуынша, Ресей әскерлері Харьков, Луганск, Донецк, Запорожье, Херсон және Николаев облыстарының кейбір аудандарын басып алған. Олар сонымен бірге шабуылды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Ресей армиясы Путиннің 15 қыркүйекке дейін Донецк облысының әкімгершілік шекарасына дейін шығу жөніндегі бұйрығына сәйкес кезекті мәрте өздерінің жоспарлары мен іс-әрекеттерін қайта қарап жатыр, – делінген хабарламада.

Оның айтуынша, Ресей үшінші армия корпусының құрамалары мен әскери бөлімдерін бір жерден екінші жерге апаруды жалғастыруда. Алдын ала болжам бойынша, Донецк операциялық ауданында әскер күштерінің шоғырландырылып жатқанын көруге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама