×

Өскеменде әкесі қызына 4 млн теңге қарыз болып шықты

Алименттің көлемі 4 320 250 теңгеге өскен

 Дастан Жұмабекұлы 08.09.2022 | 14:30
фото: ашық дереккөз

Өскемен қаласында алимент төлемеген ер азаматы өзінің 14 жастағы қызына 4 320 250 теңге қарыз болып шықты.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 36 жастағы азамат 2021 жылдың ақпан айынан бастап алимент төлеуден жалтарып келеді. Осыған байланысты көші-қон қызметінің қызметкерлері ер адамды сот орындаушысының жариялаған іздеу туралы қаулысы арқылы тапты.

Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері алимент төлеуден жалтарып жүрген адамның орналасқан жерін көп ұзамай анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады, – деді КҚБ бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті алимент төлемей жүрген 100-ден астам адамды анықтады.

ШҚО-ның полиция департаменті көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБК 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама