×

Астанада сыраханада келушілерге есірткі сатылған

Пакеттен 1 кило 600 грамнан астам гашиш табылды

 Дастан Жұмабекұлы 08.09.2022 | 11:15
фото: polisia.kz

Нұр-Сұлтан қаласындағы кафелердің бірінде бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған 44 жастағы әкімші ұсталды. Ол сыраханада гашишті сатқан.

Кафені тінту кезінде қораптан гашиш салынған пакет тәркіленді. Пакеттен 30 полиэтиленді орама табылды. Сол жерде полицейлер 1 кило 600 грамнан астам гашишті тауып, күдіктіні уақытша тергеу изоляторына қамады.

Күдікті кінәсін мойындады. ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама