×

Атырауда соңғы екі жылда алғаш рет үшем дүниеге келді

Отбасы күні қарсаңында туған нәрестелердің үшеуі де ұл

 Дастан Жұмабекұлы 07.09.2022 | 16:38
фото: ашық дереккөз

Атырауда соңғы екі жылда алғаш рет үшем дүниеге келді.

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 22 жастағы Аянгүл Сәбитова үшемді дүниеге әкелген.

Отбасы күні қарсаңында туған нәрестелердің үшеуі де ұл. Сәбилердің екеуінің салмағы – 1 кило 800 грамм, үшіншісі – 2 кило 200 грамм.

Жас анаға жүктіліктің 34-аптасында кесарь тілігі арқылы ота жасалған.

Шұғыл отаға орталық директорының орынбасары, білікті акушер-гинеколог дәрігер Асқар Кенжеғалиев жетекшілік еткен.

Атырау облысында жыл басынан бергі сегіз айда 11 333 сәби дүниеге келген.

Оның ішінде 114 егіз бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама