×

Бес мың адам жеткілікті: Қазақстанда саяси партия құру жеңілдейді

Депутаттық мандатты кері қайратып алу жөнінде жаңа институт енгізіледі

 Дәурен Ерболат 07.09.2022 | 12:39
фото: Halyq Uni

Мәжілістің жалпы отырысында Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстандағы саяси партияларды тіркеудегі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Сайлау жүйесінің аралас моделіне көшуіне байланысты сайлауды өткізудің жүйесі толық қайта құрылады. Сайлау процесі заманның талаптарына сай жетіліп келеді. Депутаттық мандатты кері қайратып алу жаңа институты енгізіледі. Ауыл, және облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін сайлау кезең-кезеңімен енгізіледі, - деді министр

Сондай-ақ Қанат Мусин саяси партияларды тіркеуге қатысты өзгерістерге тоқталды.

«Саяси партияларды тіркеу үшін оның сандық шегі 20 мыңнан 5 мыңға дейін, саяси партиялардың  аймақтардағы өкілдіктерінің саны 600-ден 200-ге дейін, саяси партияны құру кезіндегі бастамашыл топ азаматтарының саны 1 мыңнан 700-ге дейін қысқартылады. Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстарды халық меншігі деп тану бойынша Конституцияның 6-бабына қабылданған нақты түзетулер енгізу ұсынылады», - деді ведомство басшысы.

Бұл өзгерістер «Қазақстанның кейбір Конституциялық заңдарына Президенттің 2022 жылғы 16 наурыздағы жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық және «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары негізінде іске асырылады.

Құжаттар бірінші оқылымда мақұлданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама