Қазақстан аумағында вакцина паспорты жарамды 35 елдің тізімі жарияланды

Халық үні

Тізімде Африканың бірнеше республикасы бар

көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушының ел аумағында жарамды шетелдік вакцина паспорттарының тізімі белгіленген қаулысы шықты.

Қаулыда вакцина паспорты мен сертификаты Қазақстан аумағында жарамды деп танылған 35 мемлекеттің тізімі көрсетілген.

Вакцина паспорты жарамды 35 елдің қатарына мына мемлекеттер кірді: Аргентина, Белиз, Боливия, Ұлыбритания, Мажарстан, Грузия, Индонезия, Иран, Иордания, Канадада, Қырғызстан, Мальдив, Моңғолия, Армения, Беларусь, Молдова, Перу, Сан-Марино, Сербия, Тунис, Үндістан, Филиппин, Таиланд, Түркия, Черногория, Чехия, Шри-Ланка, Эквадор, Эстония және Жапонияда берілген коронавирус инфекциясына қарсы вакцина паспорттары/ сертификаттары/анықтамалары Қазақстан аумағында жарамды деп танылды