Елорда әуежайының басшысы қызметінен босатылды

Халық үні

Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып басқарма төрағасының орынбасары Мұхиден Әбілдинов тағайындалды

Фото: turkystan.kz

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов қызметінен босатылды.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ның жалғыз акционері ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шешімімен 2022 жылғы 6 қыркүйекте басқарма төрағасы Ғабит Қалиұлы Тәжімұратовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып басқарма төрағасының орынбасары Мұхиден Әбілдинов тағайындалды, - делінген хабарламада.