×

Алматы облысындағы мектептердің біріне Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі берілді

Алтынбек Сәрсенбайұлы – Қазақстанның көрнекті саясат және мемлекет қайраткері. Ол 2006 жылдың 13 ақпанында кісі қолынан қаза тапқан

 Халық үні 06.09.2022 | 00:30
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Сарыжаз ауылындағы мектептердің біріне мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі берілді. 

Бұл хабарды Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. 

«Алматы облысындағы орта мектеп мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сарсенбайұлының есімімен аталды. Мектеп ұжымы сондай шешім қабылдаған, енді ресми рәсімделуі керек. Бұл дұрыс қадам. Дегенмен, Алтынбек Сәрсенбайұлының атымен одан да ірі нысандар, әуежай, даңғылдарды қою керек. Ол болашақтың ісі деп есептеймін. Бірақ, аталған шара орынды. Ұзағынан болсын!», - деп жазды ол. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама