×

Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендермен кездесті

Президент Үкімет қиын жағдайды еңсеру үшін барлық шараларды қабылдайтынын айтты

 Динара Амантай 05.09.2022 | 14:55
Фото: bort_01

Шұғыл әрекет ету штабы отырысынан кейін Мемлекет басшысы орман өртінен зардап шеккен Аманқарағай ауылының аумағын аралады. Бұл туралы ақпарат Вort_01 телеграм арнасында жарияланды.

Мемлекет басшысы Әулиекөл ауылындағы мектепте орналасқан эвакуациялау пунктінде зардап шеккен азаматтармен кездесіп, гуманитарлық көмек тарату пунктіне барды. Зардап шеккендермен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет қиын жағдайды еңсеру үшін барлық шараларды қабылдайтынын айтты.

Өкінішке қарай, үлкен өрт болды. Дегенмен тиісті көмек көрсетіледі. Сіздердің баспанасыз қалғандарыңызды білемін. Үкімет екі, екі жарым айда сіздерге бұрынғыдан әлдеқайда жақсы жаңа үйлер салып береді, – деді Мемлекет басшысы.

Президент еріктілермен әңгімелесіп, оларға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін президенттің жедел штаб отырысын өткізіп, өрт аумағын тікұшақпен аралағаны туралы жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама