×

Қару-жарақ дүкеніндегі өрттен 4 адам қайтыс болды: Бас прокуратура іс қозғады

Үш адам ауруханада жатыр

 Динара Амантай 04.09.2022 | 13:00
Фото: zhasalash.kz

Қостанай облысында қару-жарақ дүкенінен шыққан өрттің салдарынан 4 адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

3 қыркүйекте Қостанай қаласында «Оружейная палата» аңшылық дүкені өртенген. Соның салдарынан дүкеннің жеті қызметкері зардап шегіп, үшеуі күйік шалып ауруханаға жатқызылды, ал төртеуі қаза тапты, - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 204-бабының 2-бөлігі (отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірілген іс-әрекет), 341-бабының 1-бөлігі (ормандарды жою), 292-бабының 3-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

Адамдардың қаза болғанын, зардап шеккендердің санын және өрт салдарынан келтірілген шығынды ескере отырып, қылмыстық істер Бас прокуратураның және Қостанай облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары басшылық ететін тәжірибелі құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлерінен құрылған тергеу-жедел топтардың іс жүргізуіне қабылданды. Тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауына алынды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанайда қару-жарақ дүкенінде болған өрт салдарынан екі адам қаза тапқаны туралыь жазған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама