Қостанай облысында орман өрті салдарынан бір адам қаза тапты

Динара Амантай

Ол эвакуациялау шараларын қабылдаудан бас тартқан

Фото: Halyq Uni

Қостанай облысындағы табиғи өрттің салдарынан бір адам көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, ер адамның мәйіті үйінділерді тазалау кезінде табылды.

1936 жылы туған ер адам қайтыс болды. Ол – мүгедек. Жедел іс-шаралар барысында оның эвакуациялау кезінде учаскелік инспекторларға хабарланғаны, бірақ эвакуациялау шараларын қабылдаудан бас тартқаны анықталды. Соған қарамастан адам өлімі фактісі бойынша тергеу шаралары жүргізілетін болады», – деді Юрий Ильин.

Бұған қоса ол өрт аумағы 43 мың гектардан асатынын айтты. Қазір 8 белсенді ошақ бар.

«Ең көп зардап шеккен аймақ – Аманқарағай ауылы. Онда 98 үй өртеніп кеткен. Озерныйда 8 үй, Лесное ауылында бір үй бар», — деді Төтенше жағдайлар министрі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Әулиекөлдегі орман өртінен 10 адам жарақаттанып, уланғаны туралы жазған едік.