×

Белгісіз ер адам Аргентина вице-президентінің басына тапанша тақады

Күдікті Бразилия азаматы болып шықты

 Дастан Жұмабекұлы 02.09.2022 | 17:44
фото: видеодан кадр

Аргентина вице-президенті Кристина Фернандес де Киршнерге қастандық жасалды.

Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлады.

Аргентина вице-президенті қастандықтан аман қалды. Белгісіз ер адам оның басына тапанша тақаған.

Оқиға де Киршнердің Буэнос – Айрестегі үйінен шығып келе жатқан кезде болған. Кеше ол 2007-2015 жылдар аралығында президент болған кезде сыбайлас жемқорлыққа қатысты деп айып тағылған сот отырысына қатысқан. Вице-президент өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарды.

Оған қару тақаған 35 жастағы ер адам екені белгілі болды. Ол –  Бразилия азаматы. Видеода оның көпшілік арасында тұрып, 32 калибрлі «Берса» тапаншасын Киршнерге тақағанын, бірақ оқ атпағанын көруге болады. Ер адамды күзет қызметкерлері ұстап, қамауға алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама