Президент өкілеттігінің мерзімін ұзарту үшін Конституцияға өзгерістер енгізу керек – вице-министр
Мемлекет басшысы президентті 7 жылға тек бір мерзімге сайлауды ұсынған
Әділет вице-министр Алма Мұқанова президент өкілеттігінің мерзімін ұзарту үшін Конституцияға өзгерістер енгізу керектігін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Аталған ұсыныстар Конституцияға өзгерістер енгізуді талап етеді. Өйткені Конституцияның президент туралы бөлімінде өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайтыны туралы норма бар. Сондай-ақ мемлекет басшысына 2 реттен артық сайлануға болмайтыны туралы бөлек бап бар. Бұл екі норма өзгеруі тиіс, - деді Алма Мұқанова.
Министрдің орынбасары заң бойынша сайлауға дайындалуға 2 ай берілетінін атап өтті. Сондықтан кезектен тыс президент сайлауы биыл қарашада өткізілуі мүмкін.
Айта кетейік, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынған еді.