15 тамызда Жұманғарин сауда министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды
Серік Жұманғарин премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі
болып тағайындалсын», - делінген жарлыққа.
Айта кетейік, 15 тамызда Серік Жұманғарин премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды. Оған дейін бұл қызметті Бақыт Сұлтанов атқарды.
2022 жылдың 20 тамызында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінде Қазақстан Республикасының өкілі болып Серік Жұманғарин тағайындалды.