Абай облысында жаппай төбелес шығарғандар ұсталды

Халық үні

Әлеуметтік желіде бір топ жігіт жалғыз адамды ортаға алып, тепкілеп жатқан видео тараған болатын

Фото: ашық дереккөздерден

Абай облысының полицейлері бұзақылық жасап, төбелескен күдіктілерді ұстады. Тәртіпсіздік Шар қаласында 28 тамызда болған.

Бір топ жігіттің жалғыз адамды ортаға алып, тепкілеп жатқан видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын. Онда олар жас жігітті аяусыз соққыға жығып, талдырып тастайды. Ес-түссіз сұлық жатқан азаматтың не тірі, не өлі екені әзірге белгісіз.

Абай облысының полицейлері төбелеске қатысы бар азаматтардың ұсталғанын хабарлады. Олардың үстінен ҚК 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Жанжалдың барлық мән-жайы анықталып жатыр.