Halyq Uni логотип
×

Назарбаев әуежайы Антикордың керосин сату туралы мәлімдемесіне жауап берді

Елорда әуе айлағының баспасөз қызметі әуежайда жолаушылар рейсі үшін жанармай сатылмағанын хабарлады

 Халық үні 30.08.2022 | 13:03
Назарбаев әуежайы Антикордың керосин сату туралы мәлімдемесіне жауап берді
Фото: ашық дереккөздерден

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің авиациялық отынның бөлшек сауда нарығындағы кезеңдегі бәсекелестік жағдайына талдау жасаған есебіне түсініктеме берді.

Баспасөз қызметі елорда әуежайы жергілікті және шетелдік тасымалдаушыларға аэродромдық және жерүсті қызметтерін, соның ішінде авиациялық жанар-жағар майларды сатуды қамтамасыз ететінін айтты. Бұл ретте жолаушылар рейсін жанар-жағармаймен толтырудағы әуежайдың үлесі 3%-дан аспайды.

Әуежай жүк рейстері мен шағын чартерлерге арналған авиакеросин сатады. Ірі авиакомпаниялар өздерінің авиакеросиндерін (Эйр Астана, SCAT және т.б.) құяды. Әуе билеттерінің бағасын белгілеу әуежайдың құзыретіне жатпайды, бұл ақпаратты әуе кемелеріне тікелей өздерінің авиакеросинімен жанармай құйатын авиакомпаниялар бере алады. Әуежайда жолаушылар рейсі үшін авиакеросин сатылмайтындықтан, әуежай сататын авиакеросин бағасының әсері әуе билеттерінің құнына әсер етпейді, - делінген әуежайдың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі азаматтардың өтінішінен кейін 2020 жылға арналған Нұр-Сұлтан қаласының аумағында авиакеросиннің бөлшек сауда нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жасаған болатын. Агенттік Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын нарық субъектілерімен балама келісімдерге әртүрлі бағаларды қолдану бойынша бұзушылықтарды анықтады. Олардың негізінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша монополияға қарсы департаменті астаналық әуежайға қатысты нарық субъектілерімен авиакеросинді бөлшек саудада өткізу кезінде баламалы келісімдерге әртүрлі бағаларды қолдану әрекеттерін тоқтатуды талап етіп, хабарлама таратты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама