Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде бірден 5 медаль жеңіп алды

Халық үні

Спортшы ұршықпен жаттығудан алтын жүлде иеленді

Фото: bassport.kz

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Айбота Ертайқызы Венгрияның Будапешт қаласында өткен Gracia Fair Cup халықаралық турнирінде бес медаль иеленді. Бұл туралы Қазақстан гимнастика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Айбота ұршықпен жаттығудан алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, көпсайыстан және таспамен жаттығудан күміс жүлдегер атанды.

Айта кетелік, бұдан бұрын ол аталған турнирде доппен жаттығудан күміс, шығыршықпен жаттығудан қола медаль иеленді.

Венгриядағы жарысқа қатысқан тағы бір қазақстандық спортшы Ділназ Байленова доппен жаттығудан үздік үштікке енді.

Бұған дейін халықаралық турнирде қазақстандық гимнасшылар 3 медаль жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз.