Сарбаз 24 жаста болған
28 тамызда Қарағандыдағы әскери бөлімде мерзімді қызметтегі әскери қызметші көз жұмды, деп хабарлады әлеуметтік желідегі «Патриоты Караганды» парақшасында.
Қайғылы оқиға Төтенше жағдайлар министрлігінің 52 859 әскери бөлімінде болған. Сарбаз сапта кетіп бара жатып аяқ астынан құлаған.
Жүрегі тоқтап қалған. Медициналық бекет дәрігерлері оған дереу көмек көрсетті, жедел жәрдем қызметін шақырды. Алайда оны құтқара алмады...Қайтыс болған сарбаз 24 жаста болатын, — делінген хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша оның өліміне панкреонекроз себеп болған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Есімі Елсұлтан. Денсаулығына ешқашан шағымданған емес.Жыл сайын медициналық тексеруден өтетін. Бұл бізде міндетті тексеру. Биыл 30 тамыз-1 қыркүйек аралығында медициналық тексеруден өтуі тиіс болатын. Сол күні оның көңіл-күйі жақсы болды, практикалық сабақтарға қатысты.Өз ісінің кәсіпқой маманы еді, қызметте жоғарлату жоспары бар болатын», — дейді әскери бөлімнің командирі Жанат Омаров.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 22 тамызда қызметтік міндетін орындау кезінде әскери қызметші Абылай Сабыров өзін-өзі атып, алған жарақатынан қайтыс болғаны хабарланды.