×

Түркияның солтүстік-батысында туристік автобус жардан құлап кетті

Бес адам қаза тауып, тағы 38 адам жараланды

 Халық үні 29.08.2022 | 13:21
Фото: ашық дереккөздерден

Түркияның солтүстік-батысындағы Бурса провинциясында туристік автобусы жардан құлап кетті.

Жол апаты салдарынан бес адам қаза тауып, тағы 38 адам жарақат алды.  Зардап шеккендердің арасында автобус жүргізушісі де бар.

Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, туристік автобус Кутахья провинциясынан Бурсадағы Муданья муниципалитетіне бара жатқан. Автобуста қай елдің азаматтары болғаны туралы мәлімет жоқ.

Полиция оқиғаның себебін анықтауға кірісті.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама