Халықаралық турнирде қазақстандық гимнасшылар 3 медаль алды

Халық үні

Халықаралық Gracia Fair Cup турнирі Мажарстанда өтті

Фото: ҰОК

Бұл туралы Ұлттық олимпида комитеті хабарлайды.

«Мажарстанда өткен халықаралық Gracia Fair Cup турнирінде көркем гимнастикадан қазақстандық команда 3 медаль жеңіп алды», — делінген хабарламада.

Айбота Ертайқызы шығыршықпен және доппен жаттығу жасау жарысында үшінші және екінші орын алса, тағы бір қазақстандық Дильназ Байленова доп арқылы жаттығу жасаудан қола медаль иеленді.