×

Алматыда тағы бір базардан өрт шықты

Бес сауда бутигі жанып кетті

 Динара Амантай 28.08.2022 | 17:38
Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Алматы қаласының Райымбек даңғылында орналасқан ірі базардың аумағында өрт шықты. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бүгін 28 тамыз күні 15 сағат 42 минутта өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Алмалы ауданы, Райымбек көшесі, 212д/2 мекенжайына жіберілді.

Сағат 15:49-да келген сәтте бір қабатты бес сауда бутиктері жанып жатқанын анықтады, өрттің жапсарлас орналасқан 2 қабатты «Сабыржан» дүкенінің ғимаратына таралу қаупі туындады. Оқиға орнында өрт сөндірудің екі учаскесі құрылып,өрт оқпандары іске қосылды, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Қабылданған шаралармен өрт 25 минутта, сағат 16:15-те ауыздықталды, 16:31-де толығымен жойылды, – делінген хабарламада.

Сонымен бірге Алматы қаласы ТЖД жеке құрамы мереке күндері күшейтілген қызмет нұсқасына ауыстырылғаны белгілі болды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда Саудакент базарынан өрт шыққаны туралы жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама