×

Алматыда базардан өрт шықты

Жалынды сөндіруге 16 техника мен жеке құрамнан 47 адам жұмылдырылды

 Динара Амантай 28.08.2022 | 13:58
Фото: paryz.kz

Алматыда «Саудакент» базарынан өрт шықты. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бүгін түнгі сағат 02:09 шамасында өрт сөндіру бригадасы Жетісу ауданындағы, Райымбек даңғылы, 237 Б. «Саудакент» сауда орнына жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 6 минутта келген сәтте, базар аумағында орналасқан 260 шаршы метр алаңда бір қабатты дәмхана ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Жақын орналасқан құрылыстарға оттың таралу қаупі жоғары болды. Атқарыған шаралар нәтижесінде көрші құрылыстарға өрттің таралуына жол берілмеді. Жалын сағат 02.39-да оқшауландырылып, 02.44-те толық сөндірілді, – делінген хабарламада.

Сонымен бірге жалынды сөндіруге 16 техника мен жеке құрамнан 47 адам жұмылдырылғаны белгілі болды.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама