Америкалық крейсерлер Тайвань бұғазынан өтті
Қытай Халық Республикасы америкалық крейсерлер Тайвань бұғазы арқылы өткеннен кейін қарулы күштерін жоғары дайындық режиміне көшірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Tass.ru агенттігіне сілтеме жасап.
Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) Жауынгерлік қолбасшылығы Шығыс аймағының өкілі аға полковник Ши И WeChat мессенджеріндегі ресми парақшасында әскердің жоғары дайындық тәртібіне көшкенін жариялады.
Жауынгерлік қолбасшылық аймағының әскерлері жоғары жауынгерлік әзірлікте және кез келген уақытта кез келген арандатушылықтың алдын алуға дайын. Қытай армиясы аймақтағы Antietam және Chancellorsville эсминдіктерінің барлық қозғалысын мұқият қадағалап отыр», – деді қолбасшылық өкілі.
Еске сала кетсек, Тайвань бұғазындағы және бүкіл Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жағдай Пелосидің 2-3 тамызда Тайбэйге сапарынан кейін шиеленісе түсті, ол материктік Қытай тарапынан өткір сынға ұшырады. Бейжің Вашингтонға АҚШ үкіметінің иерархиясында үшінші орында тұрған Пелосидің сапары жүзеге асатын болса, жауап қайтаратынын бірнеше рет ескерткен болатын. Шиеленіс күшейген тұста Қытай Қарулы Күштері тамыз айының басынан бері өз жағалауында бірқатар жаттығулар өткізіп жатыр. Қытай армиясы сонымен қатар Тайвань аралының айналасындағы акваторияның алты аймағында зымыранмен атқылау арқылы ауқымды әскери жаттығулар өткізді.