Halyq Uni логотип
×

Скляр Шөкеевтің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді

Айтуынша, өңір басшысы дұрыс шешім қабылдаған

 Дәурен Ерболат 27.08.2022 | 11:30
Скляр Шөкеевтің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді
Фото: elitar.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға кетуіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ол аймақ басшысының тәжірибелі маман екенін атап өтті.

Өмірзақ Естайұлы тәжірибелі басшы, ұзақ уақыт бойы мемлекеттік қызметтің түрлі құрылымдарын басқарды. Оны расында да маңызды саяси тұлға деп атауға болады, - деді Роман Скляр Үкімет отырысынан соң.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің қабылдаған шешімін өте дұрыс деп санайды.

Мемлекеттік қызмет туралы заңда қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденген жағдайда тікелей басшының отставкаға кетуі туралы өтініш беретіні жазылған. Оны жоғары тұрған басшы қабылдайды немесе кері қайтарады. Сондықтан Өмірзақ Шөкеевтің әрекеті өте қисынды және дұрыс, - деді Роман Скляр.

Еске сала кетсек, кеше Түркістан облысының әкімдігі Өмірзақ Шөкеевтің отствкаға кетуіне қатысты мәлімдеме жасаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама