×

Түркістан облысының әкімдігі Шөкеевтің отставкаға кетуіне қатысты мәлімдеме жасады

Шөкеев Махажановтың кінәсі сотпен дәлелденсе, отставкаға кететінін айтқан болатын 

 Халық үні 15.07.2022 | 20:52
фото: dat.kz

Түркістан облысының әкімдігі облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға кетуі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, 13 шілдеде сот Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановты пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырған болатын. 

Сонымен қатар, маусым айында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев брифингте егер Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановтың кінәсі сотпен дәлелденсе, отставкаға кететінін мәлімдеді. 

«Мемлекеттік саяси қызметшілер Конституция мен «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша отставкаға шығу және қызметтен шығару туралы өтініш беретіндігін сіздердің назарларыңызға саламыз. 60-бапқа сәйкес отставкаға шығу туралы өтініш соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде беріледі», - деп жауап берді әкімдіктегілер. 

Облыс әкімшілігі қазіргі уақытта Кентаудың бұрынғы әкіміне қатысты үкім әлі заңды күшіне енбегенін айтты.

«Заңға сәйкес Түркістан облысының әкімі отставкаға шығу туралы жазбаша өтініш береді. Отставканы қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешім жазбаша өтініш берілген күннен бастап бір ай ішінде қабылданады. Соңғы шешімді президенті қабылдайды»,: - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Түркістан облысы әкімінің міндетін уақытша оның бірінші орынбасары Арман Жетпісбай атқарады, деп қорытындылады әкімдік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама