Дәрігерлер полицейлер дәретханадан алып шыққан нәрестенің жағдайы туралы айтып берді
Сәбидің жағдайы қазір ауыр деп бағалануда, ал анасының жағдайы қалыпты.
Алматылық полицейлер жаңа туған нәрестені дәретханадан аман алып шықты. Дәрігерлер нәресте мен оның 17 жастағы анасының жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды КТК арнасы.
Сәбидің жағдайы қазір ауыр деп бағалануда, ал анасының жағдайы қалыпты.
Қыз №4 қалалық аурухананың гинекология бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта жағдайы орташа қалыпты. Ал сәби Балаларға шұғыл медициналық жәрдем орталығына бүгін сағат 06.53- те жеткізілді. Жансақтау бөлімінде жатыр. Тоңып қалғандықтан, жағдайы өте ауыр, – дейді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.
Қазіргі таңда дәрігерлер сәбидің өмірі үшін күресіп жатыр.
Еске сала кетейік, Алматыда полицейлер дәретханадан жаңа туған нәрестені алып шыққан болатын. Құтқарушылар Ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды.