×

Алматыда дәретханадан жаңа туған нәрестені алып шыққан полицейлер марапатталды

Полиция капитаны Нұржан Шатунов өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін майор атағын алды.

 Халық үні 25.08.2022 | 23:17
Фото: Instagram/qriim_mvdrk

Алматыда жаңа туған нәрестені құтқарған полиция капитаны Нұржан Шатунов Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен майор атағын алды. Оның қасында болған полицейге үш жалақы мөлшерінде сыйақы тағайындалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды. 

Полиция капитаны Нұржан Шатунов өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі мен жанқиярлығы үшін осы атаққа лайық деп бағаланды. Ал оның жанында болған лейтенант Ғазиз Хамасқалиев үш жалақы мөлшерінде сыйақы алады, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Алматыда кәмелетке толмаған қыз дәретханада босанып, нәрестені тастап кеткенін хабарлаған болатынбыз. Полиция қызметкерлері Нұржан Шатунов пен Ғазиз Хамасқалиев дәретханадан жаңа туған нәрестені аман алып шыққан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама