Отбасының қазір қайда екені белгісіз. Олар жалдап тұрған пәтерден шығып кеткен.
Алматыда 3 баласын өз қолымен Сайран көліне тұншықтырып өлтірмек болып, жұрттың жағасын ұстатқан келіншек отбасымен жоғалып кетті. Бұл туралы Алматыдағы «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Ақмарал Басирова Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Айтуынша, отбасының қазір қайда екені белгісіз. Олар жалдап тұрған пәтерден шығып кеткен.
Біздің адамдар сол мекенжайға барып, тексеріп келді. Үй иесі олардың көшіп кеткенін айтқан. Полиция келіп, көршілерден жауап алған. Келесі күні олардың туыстары келіп, заттарын алып кеткен.Балаларды әкесіне табыстады ғой. Біз олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ па деп алаңдап жатырмыз. Осындай жағдайдан кейін балаларға психологтың көмегі керек. Қамқоршылық органдары мен Ішкі істер басқармасына хабарласып, іздеуді талап етеміз. Қылмыстық іс қозғалды. Шектеу болу керек қой! Қазір істі тоқтатып сала ма деп қорқып отырмыз, - дейді Ақмарал Басирова.
Айта кетейік, бұған дейін алматылық келіншек балаларын не үшін суға батырмақ болғанын өзі айтып берген.