×

Нығматулинге тиесілі зауыттағы жағдай қарағандылықтарды алаңдатып отыр

Ферроқорытпа зауытын экологтар тексерді

 Халық үні 25.08.2022 | 12:21
Фото: Facebook/Караганда вечерняя

Қарағанды облысында ферросилиций өндіретін зауыттан қою түтін шығып жатыр. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Тұрғындардың айтуынша, кәсіпорын аймағынан шығып жатқан түтін мөлшері жылу электр станциясымен салыстырғанда екі есе көп.

Қарағанды бойынша экология департаментінің мамандары кәсіпорын аумағына барып, тексеру жүргізді.

24 тамызда экология департаменті инспекторлары мен зертханалық-талдамалық бақылау мамандары «YDD CORPORATION» ЖШС кәсіпорнына барып, санитарлық-қорғау аймағында тексеру жұмыстарын жүргізді. Нақты нәтижесі қосымша хабарланады, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ мамандар департаментке «Қазгидромет» РМК атмосфералық ауаның жоғары ластануы туралы ақпарат жолдамағанын мәлімдеді.

Сәл кейінірек «Қазгидромет» РМК 10 еседен астам жоғары мөлшердегі зиянды қалдықтар және экстремалды жоғары мөлшердегі зиянды шығарындылар 20 еседен астам артқанын хабарлады. 

Кәсіпорынның хабарлауынша, салқындату жүйесінде апат болып, су ыстық пешке құйылған. Жұмысшылар қауіпсіздігі үшін судың буы түтін мұнарасына бағытталған. Апат 15 минут ішінде жойылды.Айта кетейік, «YDD CORPORATION» ЖШС ферросилиций өндіреді. 2020 жылғы ақпарат бойынша зауыттың қуаттылығы жылына 180 мың тонна өнім өндіруге жетеді. Онда қолданылатын технология ферросилиция мен ферромарганец өндіруге мүмкіндік береді. Жобадағы отандық өнімнің үлесі 95 пайыздан асады.

Зауыттың акционерлері – Ерлан Нығматулин, Давид Кемертелидзе және Жармұхамед Аппаз.

Мұнда өндірілген ферросилиция Қазақстаннан бөлек, Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінің нарығына шығарылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама