×

Атыраулық сарбаз Бекбол Мираштың өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Бекбол қайтыс болардан екі сағат бұрын анасымен телефон арқылы тілдескен

 Халық үні 24.08.2022 | 22:25
фото: zakon.kz

Жамбыл облысындағы шекара заставасында әскери борышын өтеп жүріп, өзіне өзі қол салды деген сарбазға қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды Астана телеарнасы. 

Туғандарының айтуынша ол қайтыс болардын бірер күн бұрын туыстары мен достарынан жанұшыра қомақты ақша сұрап хабарласқан. Демек суицид жасауына әскерилер тарапынан қысым болған деп топшылайды.

Қара жамылған отбасының айтуынша, бала кезінен көпшіл, еті тірі, ауыздықпен алысқан асауды бағындырып өскен Бекбол өмірге құштар жан болған. Қайтыс болардан екі сағат бұрын анасымен телефон арқылы тілдескен. Ұлының дауысындағы өзгерісті байқаған, себебін сұрағанда «ұйқыдан тұрып жатырмын», - деп қысқа қайырыпты.

«Ақша сұратуына қарағанда ар жағында қысымшылық болған. 17-сінен бастап сұрапты керек болып жатыр деп. Содан кейін 19-ында ғой жаңағыдай жағдай болғаны. Біреуден 20 мың, біреуден 30 мың сұраған керек болып жатыр срочно деп. Өзі пысық бала болатын. Ортасының алды болатын. Соған итермелеп отыр. Осының ашылуын талап етеміз», - дейді марқұмның ағасы Қожахметов Қанат. 

Олар тергеудің әділ өтіп, өлімге итермелегендер жазалануын талап етеді. Сарбазды ақтық сапарға шығарып салуға келген әскерилер «соңғы кезде қызымен ренжісіп жүрді, өмірімен қош айтысуына сол себеп болуы мүмкін» деген болатын. Қаралы жиында төбе көрсеткен сүйіктісі мұны елдің алдында жоққа шығарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама