Ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында тосынсый жасалды
Бакуде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің кездесулері аясында Сумгаит қаласының орталық көшелерінің біріне Алашорда басшыларының бірі, ұлт ұстазы, ағартушы, түркітанушы Ахмет Байтұрсынұлының атына көше берілді.
Бұл туралы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде айтты. Ол бауырлас екі ел арасындағы қарым-қатынас табысты дамитынына сенім білдірді.
Қазір екі ел басшыларының кездесулері одан әрі жалғасып жатыр. Бүгін түсауа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Физули қаласында ашылатын Құрманғазы атындағы шығармашылықты дамыту орталығының макетімен танысты. Бұл өнер ордасының іргесі Қазақстан президентінің шешімімен қаланады.