Halyq Uni логотип
×

TasksCat қаржы пирамидасы болуы мүмкін

Ұйымдастырушылар азаматтарға тапсырмаларды орындап, 2500 теңге табыс табуды ұсынған

 Динара Амантай 24.08.2022 | 15:24
TasksCat қаржы пирамидасы болуы мүмкін
Фото: Halyq Uni

«TasksCat» интернет жобасына қатысты тексеру ұйымдастырылып, одан қаржылық пирамидаға тән белгілер анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттік өкілдерінің мәліметінше, жоба ұйымдастырушылары азаматтарға тапсырмаларды орындау арқылы 2500 теңге көлемінде табыс табуды ұсынған. Жаңа қатысушыны шақырғаны үшін төлемдердің 5-15% төленуі тиіс еді. Ұйымдастырушылар өз қызметтерін 100-1000 % кірістілікпен «пакеттеп ұсыну» тәсілімен сатқан. Сондай-ақ, жаңадан келгендерді жеңімпаздардың табысқа жету жолы мен фотосуреттерін жариялау арқылы қызықтырған.

Мониторинг жүйелері аталмыш қаржы пирамидасының ақпараттық сайты жұмыс істемейтінін анықтады. Сайтты бұғаттау және халықты жинақтарын жоғалту қауіпінен қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Сонымен бірге қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында Telegram желісінде көрсетілген мәлімет Ақпараттық кітапқа тіркеліп, тиісті қорытынды жасау үшін ҚНРДА жолданатыны белгілі болды. Тексеру қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.

ҚМА азаматтарды сақ болуға және оларды қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айлаларына түспеуге шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама