×

Әлімханұлы рингке шықпай, әлем чемпионы болуы мүмкін

Оның қарсыласы Деметриус Андраде екінші дивизионға ауысады

 Дастан Жұмабекұлы 23.08.2022 | 15:54
фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жексіз әлем чемпионы болуы мүмкін.

Бұл туралы Boxingscene сайты хабарлады.

Орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Деметриус Андраде қазақ боксшысымен кездесуден бас тартып, келесі дивизионға шығу туралы шешім қабылдады. Ол Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шыққысы келмейтінін, орта салмақта жүре берсе, бір орында қалып «өспеуі» мүмкін екенін айтты.

Сол үшін мен екінші орта дивизионға ауысамын, –  деді ол.

Андраде 2021 жылы қарашада ирландиялық Джейсон Куиглиді жеңгеннен кейін рингке шықпады. Осыдан кейін ол өзіне әлсіз қарсылас таңдады деп сынға қалды.  Ал Жәнібек болса, мамырда WBO ұйымының «уақытша» чемпионы атағы үшін айқаста британиялық Дэнни Дигнумды нокаутқа түсірген еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама