Halyq Uni логотип
×

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды

48 ойын терминалы мен 32 компьютер тәркіленген

 Дәурен Ерболат 23.08.2022 | 15:09
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды
Фото: Sputnik

Алматы қаласы мен Алматы облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 5 айыпталушыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті қалада және Алматы облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған бір топ адамды анықтаған.

4 ойын мекемесі мен 14 ойын нүктесі жойылды. 48 ойын терминалы мен 32 компьютерлік техника тәркіленді. Қылмыскерлер 15 млн теңгеден астам сомаға табыс тапқан. Сот үкімімен бес айыпталушы 2 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, - деп жазылған хабарламада.

ҚМА Қылмыстық кодекске сәйкес ойын бизнесін ұйымдастыру, сондай-ақ ойын ойнауға үйді бергені  үшін қылмыстық жазаны қарастырылғанын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама