×

Өскеменде 26 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Ол таңертең үйінен ұзын ақ белдемше, ақ жейде киіп шыққан

 Дастан Жұмабекұлы 23.08.2022 | 09:26
фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Шығыс Қазақстан облысында 26 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Ол 19 тамызда таңертең Өскемен қаласының іргесіндегі Мирное ауылындағы үйінен шығып, қайтып оралмаған.

Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-дағы volontery_uka_lider.kz парақшасында жарияланды.

Жоғалған қыздың анасы полицияға арыз жазған. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, із-түссіз кеткен қыздың есімі - Раиса Долгарева. Ол 1996 жылы туған.

Қызымның бойы 170 сантиметр, дене бітімі арық, көзі жасыл, шашы қызыл-сары, ұзын, –  деді Раисаның анасы.

Полицияға арыз жазған анасының айтуынша, Раиса таңертең үйінен ұзын ақ белдемше, ақ жейде киіп шығып кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама