Мұхаммед Әлидің немересі қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді

Дастан Жұмабекұлы

Осымен ол алтыншы рет жеңіске жетті

фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Аты аңызға айналған Мұхаммед Әлидің немересі Нико Али Уолш отандасы Рейес Санчеспен екінші кездесу өткізіп, нокаутқа жіберді.

Бұл кездесу АҚШ-тың Сан-Диего қаласындағы «Pechanga Arena» спорт кешенінде өтті. Жекпе-жектің екінші раундында Али Уолш қарсыласының бүйірінен екі соққы жасады. Осы соққылардан Рейес нокаут алып, айқасты әрі қарай жалғастыра алмады.